Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет үйінің алдында қазақ тілінің құқығын қорғау мақсатындағы билік рұқсат берген митинг өтті. Бұл митингке павлодарлық белсенді Руза Бейсенбайтегі мұрындық болған.
Митингке шыққан азаматтар Павлодар қаласындағы қазақтілді бұқараның жұмысқа тұру, қызмет алу барысында дискриминацияға ұшырап жүргенін айтты. Мінберде сөйлеген азаматтар қазақ тілін сақтауды, дамытуды әркім өзінен, өз отбасынан бастау керек екенін айтты.
Жиналған кісілердің нақты талабы – орыс тілін ресми тіл статусынан айыру. Қазақстан Республикасының Ата Заңына сәйкес «орыс тілі мемлекеттік мекемелерде қазақ тілімен бірге қолданылады».
Ағымдағы жылдың шілде айында бір уақытта екі бірдей петиция жарияланған. Бірі – орыс тілін ресми статустан айыру болса, екіншісі – орыс тіліне мемлекеттік тіл деген статус беру туралы.
Назарларыңызға бүгінгі рұқсат етілген митингте сөйлеген Серік Елікбайдың сөзін ұсынамыз.