Қырғызстан конституциясына сәйкес, президент өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, билік Жогорку Кенештің спикеріне өтеді.
«Конституцияда көрсетілгендей президент өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеттігін Жогорку Кенеш Төрағасы орындайды», - делінген ел конституциясының 68-бабында.