«Құрметті отандастар!
Біздің елдің астанасы Бішкекте қоғамдық-саяси ахуал шиеленісті күйінде қалып отыр. Кеше Жоғарғы Кеңес үкіметтің құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы Президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті шеше алмады.
Өкінішке орай, агрессия басылмай тұр, менің тез арада отставкаға кетуімді талап ету жалғасуда. Қазіргі жағдай екіжақты жанжалға тудыруға жақын. Бір жағынан наразылық білдірушілер, екінші жағынан құқық қорғау органдары. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары Мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Бұл жағдайда қан төгіледі, бұл сөзсіз. Мен екі тарапты да арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамын», - деді Жээнбеков өзінің үндеуінде.
«Құрметті отандастар!
Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен артық. Мен үшін әр жерлесімнің өмірінен қымбат ештеңе жоқ.
Мен билікті ұстап тұрған жоқпын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарының қанын төгіп, оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан мен кетуге шешім қабылдадым.
Мен Жапаровты және басқа саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан алып кетуге және Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешқандай күш біздің еліміздің тұтастығына және қоғамдағы үйлесімділікке тең емес. Алла тағала бәрімізді қорғасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!», - деп аяқтады ол.