Қырғызстан: Парламент ғимараты өртке оранды (видео)
Қырғызстан үкіметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Себебі қақтығыстардың салдарынан бірқатар нысанға зиян келген. Бішкекте орналасқан парламент ғимараты да өртенген болатын.
Бішкекте азаматтарды қаладағы нысандарды бұзақылардан қорғау үшін халықтық топтарға бірігуге шақыруда, - делінген мәліметте.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі маңызды қызметтерге жаңа тағайындаулар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Бірақ сайлау нәтижелерінің күшін жою мүмкіндігін мойындады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады. "Қазіргі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтарға қатысты материалдарды, парламенттік сайлау нәтижелерінің күшін жойғанға дейін мұқият зерделеуді ұсынады", – деді Стамалиева.