ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне сынап көрген екпені Денсаулық министрі Алексей Цой қабылдамапты. Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинте коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны өзіне қабылдамағанын жеткізді.
«Мен бұл вакцинаны қабылдамадым. Біз әлі екпенің адамдарға әсері мен күшін толық зерттемедік. Осыны түсіну керек. Біз екпе қабылдаған бірқатар әріптестеріміздің жағдайы жақсы болғаны үшін қуаныштымыз», - деді ол.
Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцина қабылдап, өзін жақсы сезінетінін жеткізген.