Атырау облысының бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың адвокаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айыптауына қарсы пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
10 қыркүйек күні сағат 15:00-де менің үйіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері келді. Сөйлесу үшін олармен бірге жүруді сұрады. Оқиға орнына барған кезде ғана ұсталғанымды айтты. Менің "не үшін? деген сұрағыма жауап ала алмадым, – деп жазды Таубаев.
Оның айтуынша, әлі күнге дейін нақты не үшін айыпталғанын, параның мөлшері қандай екенін және мұның бәрі қашан болғанын білмейді.
"Келесі күні түстен кейін мені тағы да Антикоррупция ғимаратына алып келді. Онда тергеушінің "пара алуға оқталу түріндегі қылмыс жасау туралы" қаулысы ұсынылды.Бұған бір күн кетті. Адвокатымның пара алу әрекеті қашан және қандай мөлшерде жасалғандығы туралы сұрағына тергеуші жауап бермеді. Содан кейін мені тағы да уақытша тергеу изоляторына жіберді" делінген жазбада.
Оның айтуынша, Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаев (қазір энергетика министрі) оны өзінің орынбасары лауазымына шақырған. Бастапқыда бәрі жақсы болғанымен, кейін оның ұстанымдарымен келіспеген. Соның нәтижесінде 2019 жылдың қыркүйегінде отставкаға кетуге өтініш берген. Ал 2020 жылдың мамыр айында Атырау облысының бірінші орынбасары ретінде шақырылған.
Мен бұл қорқынышты арандатудың артында кім тұрғанын білемін. Біріншіден, менің кінәсіздігімді дәлелдеу үшін бәрін жасаймын. Екіншіден, мен оны ұйымдастырған адамдар әділ жазалануы үшін бәрін жасаймын. Мен Президентке дейін барамын, – деп жазды ұсталған шенеунік.