Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін елде карантин енгізу туралы қауесетке байланысты пікір білдірді.
«Тек қана ресми ақпараттарға сенулеріңізді, мемлекеттік органдардың мәліметтерін пайдалануды сұраймын. Қыркүйек айында карантин енгізу туралы ресми ақпарат жоқ. Барлығы эпидахуалға байланысты. Біз күн сайын елдегі жағдайға мониторинг жүргізіп отырмыз. Барлық шаралар эпидахуалға байланысты қолданылады», - деді ол.