Ресей Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕуроОдақ, Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ тараптарымен төрт жақты саммит өткізу туралы ұсынысын қолдап отыр.
Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және басылым департаменті адамзат баласының ядролық қатерден арылуы – Ресейдің ішкі саясатындағы басты тақырыптардың бірі екенін мәлімдеп, бұл мәселе жөнінде Мәскеу Нұр-СҰлтанмен әрдайым келіссөз жасап келе жатқанын жеткізді.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, ядолық қарудан бас тарту және халықаралық бейбітшілікті сақтау туралы Нұрсұлтан Назарбаев идеясына Мәскеу құрметпен қарайды екен.
«Біз халықаралық қауымдастықтардың сенім деңгейін арттырып, стратегиялық шиеленістер мен тартыстарды тоқтатып, ядролық қарусыздану бастамаларын қарастыру қажет. Әскери ядролық қауқары бар барлық мемлекеттерді ынтымақтастық пен ауызбіршілікке шақыру қажеттілігі де күн тәртібінде тұр», - деп мәлімдеді министрлік.
Министрлік мұндай жұмыс тараптардың ортақ қызығушылықтарына және заңға сәйкес жүзеге асырылуы қажет екенін де естен шығармаған.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей, АҚШ, Қытай, ЕуроОдақ тараптарының біріккен саммитін өткізуді ұсынған. Оның басты тақырыбы – ядролық қаруды жоюдың алғышарттарын жасау және көптарапты келісімге келу. Нұр-Сұлтан қаласы саммит өткізуге дайын екенін мәлімдеді.