ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте бұл сауалға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді.
«Зейнет жасын төмендету жоспарда бар ма? Індет кезінде көптеген адам зейнет жасына жетпей қайтыс болды. Қазақстандықтардың денсаулығы зейнет жасындағы ескі шектерге қарсы тұра алмайды», - деп журналист еңбек министріне сауал жолдады.
"Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасын төмендетуге қатысты сұрақ қарастырылып жатқан жоқ. Бүгінгі таңда зейнетақы жүйесі жұмыс тәжірибесіне байланысты, бұл мемлекет еңбек арқылы төлейтін «тұрақты» зейнетақы мен кепілдендірілген базалық зейнетақы. Сонымен қатар, зейнетақының тұрақты бөлігі біртіндеп алынып тасталып жатыр. Өйткені ол 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі үшін төленеді. Бірінші орынды жинақтаушы зейнетақы жүйесі атқарады. Ол ең алдымен, жинақталған жүйеге қатысу мерзіміне және жинақ көлеміне байланысты болады. Сондықтан, қазір халықтың табысын, тиісінше, жинақтауды, азаматтар үшін жинақтаудың жаңа көздерін арттыру міндеттері тұр. Онымен қоса, жұмыспен қамту деңгейін, ресми жұмыспен қамтуды және азаматтарымыздың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтерін арттырудағы міндеттер тұр", - деп жауап берді Біржан Нұрымбетов.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғайды. Ал ерлер зейнетке 63 жаста шығады. Онымен қоса, әйелдердің зейнет жасына жыл сайын 0,5 жас қосылып отырады.