Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр А. Маминге әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық көмектің сапасын жақсарту, жұмыс орындарын құру және халықтың кірістерін ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де жазды.
«Елбасы Н.Ә. Назарбаев сайлауалды бағдарламасын талқылау аясында Премьер-министр А. Маминге әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау сапасын жақсарту, жұмыс орындарын құру және халықтың кірістерін ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды», - деп жазды ол.
Өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктерін бөлек ұсынған жөн.