Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралі пікір білдірді.
«Шенеуніктер бірінен соң бірі ауысып жатыр, бірақ проблемалар шешілмейді. Медицина саласын пандемия өршіп тұрғанда дәрі жетпеген соң ғана тексердік. Сыбайлас жемқорлық бар екені көрінді. Бұл саланың цифрландыру ісінде заң бұзушылықтар бар екенін ондаған миллиард қаражат жұмсалып кеткенде ғана ашып отырмыз», - деді Тоқаев.
Президент қазіргі уақытта мемлекет тарапынан білім саласына, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік нысандарды дамытуға қомақты қаражат бөлініп отырғанын мәлімдеді.
«Біз осы қаражаттың бір жылдан кейін қалтаға құйылып кетпейтініне кепілдік беруіміз керек. Адамдарға жауаптылардың ұсталғаны туралы әдемі ақпарат қажетсіз. Өйткені ол кезде бірнеше миллиард қаражатты қайтару екіталай болады.
Біз бұл жұмысты түп-тамырынан бастап қайта құруымыз керек. Қазір азаматтар мен мемлекеттің бірігетін уақыты келді. Жемқорлық – өте ауыр қоғамдық дерт. Біз оны күш біріктіріп қана жеңе аламыз. Қоғамдық бақылаудың жаңа формасы мен басқару ісіндегі ашықтықты қалыптастыру қажет», - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар сыбайлас жемқорлыққа барғандарды ешқашан кешірмеуі керек. Сондай-ақ оларды анықтап, заң аясында жазалау үшін «антижемқорлық» иммунитеті қоғамдық деңгейде көтерілуі шарт.