Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандық медицина қызметкерлері 2 миллион теңгеден сыйақы алғанын мәлімдеді.
«Біздегі мәлімет бойынша, бүгінгі күнге дейін сыйақыны 500 медицина қызметкері алды. Қанша қызметкер бұл көмекті алуға өтініш білдіріп, ала алмай қалғанын айта алмаймын. Бірақ 500-ден астам қызметкер осы көмекті алды», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, аймақ әкімдеріне құжаттарды тексеру жұмыстары мен сыйақы төлеуді кешіктірмеуге тапсырма берілген.
2 миллион теңге көлеміндегі көмек жұмыс барысында инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне беріледі. Ал дәрігер науқастармен жұмыс істей жүріп коронавирустан қаза тапса, онда оның отбасына 10 миллион теңге көлеміндегі көмек беріледі.