Беларусь халқы кеше мемлекет басшысын таңдады. Ресми жауап әлі жарияланбаса да, экзит-полл нәтижелері Александр Лукашенконың алтыншы мәрте жеңіске жеткенін көрсетіп отыр. Лукашенко сайлаушылар дауысының 79,7 пайызына ие болыпты-мыс.
Оппозиция тарапының бас кандидаты Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаса, Анна Канопацкая - 2,3 пайыз, Андрей Дмитриев – 1,1 пайыз, Сергей Череченя - 0,9 пайыз дауыс жинаған. Ал сайлаушылардың 9,2 пайызы барлығына қарсы екенін жеткізіпті.
Экзит-полл нәтижесін шығаруға қажетті сауалнама елдің барлық аймақтарындағы 320 сайлау учаскесінде жүргізілген. Бұл нәтиже – 12 340 адамның жауабының көрсеткіші.