ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин министрліктер мен әкімдіктерге аймақтарды қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге ұйрық берді.
Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай оңалып келеді, қазір науқастар санының өсу көрсеткіші 2,1 пайызға дейін төмендеген. Шымкентте бұл көрсеткіш 1 пайыз болса, Қызылорда облысында 0,9, Түркістан облысында 0,8, Ақтөбе облысында 0,5 шамасында.
«Басты мақсат – барлық аймақтардағы науқастар санын азайту. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету керек. Бұл көмекке әсіресе ауыл тұрғындары мұқтаж», - деді Мамин.
Ол Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, аймақ басшыларына ауруханаларға жасанды тыныс беретін аппараттарды жеткізуді тапсырды.
«Индустрия, Денсаулық сақтау, Қары министрліктері тез арада аймақтарды цифрлы рентген аппараттарымен, медициналық кешенді көмекпен қамтамасыз етуге жұмыс істесін. Екі апта ішінде Денсаулық сақтау министрлігі әкімдермен байланысты болып қажетті концентраттар мен медициналық газды аймақтарға жеткізеді», - деді Премьер-министр.
«СҚ-Фармация» мекемесіне шілде айының соңына дейін қажетті дәрілерді сатып алып аймақтарға жеткізу тапсырылды.