Олжас Құдайбергенов Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды.
Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Олжас Әбдумәлікұлына экономикалық дамуға қатысты ұсыныстары үшін алғыс айтты.