ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар ем алып жатқан ауруханаларда не себепті фото/видео түсіруге болмайтынын түсіндірді.
Оның айтуынша, инфекция жұқтыру қауіп жоғары аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлерімен салыстырғанда науқастардың ұялы телфон қолдануғы құқығы бар.
«Науқастардың телефон қолдануына ешқандай шектеу жоқ, бірақ ауруханада фото/видео түсірілім жасауға болмайды. Неге екенін түсіндірейін. Пандемия кезінде стационарларда түсірілген науқастардың видеолары желіде тарап кетті. Өкінішке қарай, көп жағдайда түсірілім науқастың келісімінсіз жасалған. Ал науқас бұл уақытта түсірілімге рұқсат беретіндей халде болмауы ықтимал. Демек, адамның жеке бас құқығы бұзылады. Сонымен қатар, кейбір науқастар видеоға түсіріп кері ақпарат беру арқылы дәрігерлер мен медбикелерге қысым көрсетуге талпынады», - деді ол.