Көршілес Өзбекстан Республикасында коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем-домды үй жағдайында қабылдап жатқан азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
«Мұндай шешім премьер-министр Абдулла Арипов төрағалық ететін коронавируспен күрес өніндегі арнайы республикалық комиссияның отырысында қабылданды», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті.
Сонымен қатар, отырыс барысында науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің де тізімі бекітіліпті.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған өзбекстандықтан «гидроксихлороксин», «азитромицин», «парацетамол», «витамин С» сияқты препараттармен және медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі.