Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр науқастардың көбеюіне байланысты ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
«Мемлекеттік органдар тарапынан үйлестіру болмағандықтан, тұрғындар бұл мәселені өз бетінше шешуге тырысуда. Бұл ақылға қонымсыз! Үкімет пен әкімдер ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету үшін бес күндік мерзімге ие болады», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардағы жағдайды тұрақтандыру кезінде ауыл тұрғындарын да ұмытпау керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде диагностика мен емдеу, қажетті дәрі-дәрмектер мен препараттар ауыл тұрғындары үшін қол жетімді емес.
«Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі және қажетті инфрақұрылым мәселесі ауылдық жерлерде өзекті болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригадалардың құрылуы туралы хабарлады. Алайда олар негізінен қала тұрғындарына қызмет етеді. Біз ауылдарды қараусыз қалдыра алмаймыз! Мен ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент.