Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Минск қаласында ресми жұмыс сапары барысында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты.
Мамин Лукашенкомен кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылық, цифрлық сала, өндіріс қарым-қатынасы туралы және Еуразиялық үкіметаралық кеңесіндегі әріптестік туралы сөйлесті.
«Үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстанның Үкімет басшысы жан-жақты ынтымақтастықы сақтау үшін, қажетті ақпаратпен уақытылы алмасу үшін ветеринария, санитарлық, фитосанитарлық, көлік және кеден бақылауын интеграциялау қажет екенін жеткізді», - деп жазды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.
Қазір ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпарат жүйесін дамыту мақсатында 88 жоба жасалып, оның 19-ы жүзеге асырылуда.