Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирусты диагностикалауға арналған зертханалар жеткілікті, дәрі-дәрмектерге байланысты проблемалар жоқ деп мәлімдеді.
Интернет-брифинг барысында пандемия кезіндегі қаладағы мәселелер туралы айтты.
"Біздің жүйенің мәселері - бұл бірінші кезекте эпидемиологтардың жетіспеушілігі. Біз медициналық университеттен 16 студентті жұмысқа қабылдадық, олар бізге көмектесуде", - деді ол.
Сонымен бірге қазір дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жойылғанын атап өтті. Бұл мәселе бөлімдердің бақылауында, - деп толықтырды Жандарбек Бекшин.