ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қатаң карантин режимі кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға 42 500 теңге көмектің қалай тағайындалатынын айтты.
«Мемлекет басшысының бұйрығымен біз карантин режимі кезінде 42 500 теңге әлеуметтік көмек тағайындау мәселесін шешуіміз керек. Төлем жұмыс берушінің немесе жеке тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асады», - деді Мамин үкімет отырысында.
Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Төтенше жағдай режимі кезіндегідей қаржылай және азық-түлік көмегін миллионнан астам азаматқа беруді тапсырды.
«Үстіміздегі жылдың 3-кварталы бойынша әлеуметтік көмекті белсенді түрде тағайындауды тапсырамын. Сонымен қатар, карантин режиміне уақыты аяқталуы сәйкес келген мүмкіндігі шектеулі жандардың куәлігін автоматты түрде үш айға созуды тапсырамын», - деді Мамин.