ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі қайтыс болған екі дәрігерге елеулі еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.
Мемлекет басшысы дәрігерлердің Қазақстан Республикасы алдындағы азаматтық парызын өтегенін, қызметке адал болғанын жеткізді. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен қоса дәрігерлерге Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені қоса беріледі.
Исаев Олег Николаевич (қайтыс болғаннан кейін) – Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының» бөлім басшысы.
Қалихан Қозбағаров Есбосынұлы (қайтыс болғаннан кейін) – Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері.