Бірнеше күн бұрын Атырау облысының белсенді азаматтары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, аймақтағы ахуалдың өте қиын екенін жеткізген.
«Қоғам өкілдерінің хатымен таныстым. Атырау облысында жағдай қиын. Ол жаққа премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия барған. Үкімет облысқа дәрігерлерді, дәрі-дәрмектерді жібереді, көмек көрсетіледі», - деп жазды Тоқаев.