Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
«Отырыста үкімет елдің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы есеп ұсынады. Онда коронавируспен күрес шаралары, мемлекет басшысының үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы тапсырмалары қаралады», - делінген хабарламада.