Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түрлі елдердің басшыларымен достық байланысы туралы айтты.
Мен 80-нен астам елде болып, әлем мемлекеттерінің президенттерімен және үкімет басшыларымен, танымал саясаткерлермен, экономистермен, қаржыгерлермен және ғалымдармен 2000 кездесу өткіздім.
"Мәселен, Еуропаның Гельмут Коль, Франсуа Миттеран, Маргарет Тэтчер, Тони Блэр, Берлускони сияқты көшбасшылары немесе Жапонияның бірнеше премьер-министрлері, әсіресе Оңтүстік Корея басшыларымен дос болдым. Немесе Қытайды алайық, Си Цзиньпинмен, Ху Цинтаодан, Цзян Цзэмин. Барлығымен достық қатынастамыз. Қазақстанға мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл біздің көршілеріміз, әсіресе Ресей, Қытай - үлкен көршілес мемлекеттер. Бұл - бізге Құдайдың берген көршілері", - деді ол.
Назарбаев сонымен бірге АҚШ президенттерімен достығы туралы айтты.
"Мен кездестірген Америка Құрама Штаттарының бірінші президентімен дос болдық және Шевронмен келісім жасастық, онда 40 миллиард долларға жуық инвестиция келді, бұл Джордж Буш болатын. Ол қайтыс болғанға дейін біз байланыста болып, дос болып қала бердік. Мен екі рет оның Техас қаласындағы, Атлант мұхитының жағасындағы үйіне бардым. Клинтонмен, Обамамен достық қатынаста болдым", - деді Елбасы баспасөз қызметі жариялаған сұхбатында.