Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жас мерейтойымен құттықтады.
«Бүгін – тарихи күн. Ол – қазақ халқының даңқты ұлы. Біз әдетте ол туралы «Еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті» деп айтамыз. Әлемде де солай санайды. Ол - өзінің тарихи парызымен мақтана алатын ерекше адам, биік тұлға», - деді Тоқаев.
Қазіргі президент назарбаевтың халықаралық беделі туралы да айтып өтті.
«Елбасы замануи мемлекет құрды, шекарамызды бекітіп, Қазақстанды әлем картасына енгізді. Бұл туралы әлемнің барлық ірі қайраткерлері айтады. 80 жас – әр адамның өңіріндегі маңызды жайт. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол әлі де ел үшін игі істер атқарады деп сенемін», - деді мемлекет басшысы.