Алматы қаласының әкімі 5-шілдеден бастап күшіне енетін күшейтілген карантинге байланысты пікі білдіріп, қала тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.
"5 шілденің түн жарымынан қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шараларын енгіземіз. Бірқатар ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыстары екі аптаға тоқтатылады. Олардың тізімімен ресми сайтта жарияланған қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан оқып, білуге болады. Жұмыс істеуге рұқсат етілгендердің санитарлық нормаларды сақтаулары қатаң бақылауға алынады.
Бүгін біз денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын күшейтуді жалғастырудамыз. Провизорлық және қарантиндік орталықтарды кеңейтудеміз, медик мамандарды дайындаудамыз. Айтып өткенімдей, біздің дәрігерлерге өте үлкен салмақ түсуде. COVID-19-бен ауырған науқастар саны артуда. Сондықтан әрбір алматылықтың қарым-қатынасты, байланысты барынша шектеуі өте маңызды. Өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау — өмір сүрудің басты ережесіне айналуда.
Екі аптадан соң жұмыс жасауды ұзарту немесе тоқтау туралы шешім қабылданады. Осынау уақытша қиындықты жеңу үшін саналылық пен жауапкершілік танытатынымызға сенемін", - деді ол.