ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі коронавирус инфекциясын жұқтырған жоғары дәрежелі шенеуніктердің қайда және қалай емделетіні туралы пікір білдірді.
«Барлық мемлекеттік, саяси және әкімшілік қызметкерлер жағдайына қарай жұқпалы аурулар сатционарларында ем алады. Егер жағдайы бірқалыпты болса үйден ем қабылдайды. Мемлекеттік қызметкерлерге ауруханаларда айрықша ем-дом жасау қарастырылмаған. Олардың барлығы бірдей ем қабылдайды, бірдей қызмет алады», - дейді ол.