Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айығып шыққан соң халыққа үндеу жариялады.
«Құрметті достар!
Өздеріңізге белгілі, коронавирустық инфекцияның қауіпті пандемиясы әлемнің көптеген елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да таралды. Миллиондаған адамдар осы ауыр аурумен ауырды, ол мені де айналып өтпеді. Маған бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері берген моральдық қолдау қатты әсер етті. Олардың барлығы маған шын жүректен жанашырлықтарын, тез қалыпқа келуімді тіледі, мен оларға өте ризамын.
Олардың қатарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, БАӘ Президенті Заид Аль Нахаян, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордания Королі Абдолла II бен аль-Хуссейн, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев, Армения Президенті Армен Саркисян, Украина Президенті Владимир Зеленский, Пәкістан Президенті Ариф Альви, Израиль Президенті Ревен Ривлин , Сербия Президенті Александр Вучич, Хорватия Президенті Зоран Миланович және т.б. Барлығын айтып шығу мүмкін емес, бірақ мен олардың барлық хабарларымен таныстым. Қымбатты достар, шын жүректен тілеген тілектеріңіз және мейірімді көзқарастарыңыз маған күш-қуат берді.
Маған көптеген хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ қазақстандықтардан әлеуметтік желілерден тілектер келді: көптеген өндірістік ұжымдар, еңбек ардагерлері, әскери қызметкерлер, студенттер мен мектеп оқушылары қолдап толық сауығуымды тіледі.
Мен ғылыми қоғамдастық өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым тарапынан көрсетілген шынайы жанашырлық пен қолдауды ризашылықпен атап өтемін. Олардың арасында Қазақстандағы танымал тұлғалар - Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, Жандарбек Мәлібеков, Талғат Теменов және басқалар.
Маған жақсы тілектерін арнаған атақты спортшылар Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Илья Ильин, Алия Юсупова, Зарина Диас. Сіздерге көп рахмет айтқым келеді!
Дәрігерлердің күш-жігері мен олардың талаптары, сонымен қатар жалпы қолдаудың және барлық жылы тілектердің арқасында мен ауруды жеңдім, өзімді жақсы сезініп, толық жұмыс істеуге кірістім. Халқыммен бірге мен осы аурудың ауырлығын сезіндім және қазір емделіп жатқан барлық адамдарға шыдамдылық, батылдық және тезірек айығуды тілеймін.
Бүгінгі бастан өткеріп отырған қиын кезең - барша адамзат үшін сынақ. Бұл аурумен күресудің алдыңғы қатарында адамдарды құтқару үшін бар күшін салатын дәрігерлер бар. Медицина қызметкерлерінің еңбегі баға жетпес - қазіргі уақыт мұны нық сеніммен дәлелдейді. Болашақта отандық денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлу, оны дамыту үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу қажет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің дәрігерлерге ерекше алғыс айтамын.
Естеріңізде болса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында менің шешімім бойынша арнайы Ұлттық қор құрылып, елдің алтын-валюта резерві құрылды. Бұл бізге екі жаһандық дағдарысты сәтті еңсеруге мүмкіндік берді және бүгінде бұл қаражат пандемиямен күресуде, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға қолдау көмектеседі. Біздің артықшылығымыз - Қазақстан басқа елдер алдындағы ең төменгі қарызға ие.
Халқым өзінің табандылығы, бірлігі мен болашаққа ұмтылысының арқасында бүкіл халықаралық қауымдастықпен бірге қиындықтарды жеңетініне сенімдімін. Біз тағы да жеңеміз. Еліміздің ең жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Міне біздің ұран.
Барлық отандастарға мықты денсаулық, ал елімізге бейбітшілік пен гүлденуді тілеймін!» - делінген хабарламада.