ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қалалар мен аймақтар арасында күшейтілген карантин режимі кезінде блок-бекеттер қойылмайтынын жеткізді.
«Қалаға кіріп-шығу үшін ешқандай анықтаманың қажеті жоқ. Аймақтар мен қалалар арасында блок-бекеттер қойылмайды. Бірақ қалалар арасындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустардың қызметі уақыта тоқтатылады», - деді ол.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 5-шілдесінен бастап күшіне енетін күшейтілген карантин режимі уақытында жеке көлікпен аймақтар арасында жүре беруге рұқсат етіледі.