Ұзақ уақыт бойы көпшіліктің назарынан алыстаған Тұңғыш президенттің әйелі Сара Алпысқызы рухани білім беру кеңесінің отырысына қатысты. Аталған шара БАҚ өкілдері назарынан тыс болғанымен, оның жиынға қатысуы ерекше жағдай ретінде бағаланды.
Назарбаева жиын барысында баяндама жасап, адамзаттық өзгерістер туралы пікір білдірді. Желі қолданушылар бұл пікірдің астарынан өзгеше мазмұн іздеуде.
Сара Назарбаеваның айтуынша, адамдар қазір ақылды әрі білікті болса да ең басты құндылықтарды ұмыт қалдырған.
«Ең басты дүние не? Бұл – жалпыадамзаттық құндылықтар», - деді Назарбаевтың әйелі.