Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жаһандық тұрақсыздық, пандемиямен күрес кезінде сіздердің жұмыстарыңыз айрықша маңызға ие болды», - деп жазды мемлекет басшысы.
Ол БАҚ өкілдеріне мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы, қоғамды трансформациялаудағы көмегі үшін рахмет айтты.