Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Ғиният Ажар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ғиният Ажар 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын педиатр мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенова атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы Менеджмент Университетінің«Іскери әкімшілдік магистрі».
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр ретінде бастаған.
2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Марат Шоранов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірген.
2019 жылы «Нұр Сұлтан» қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰА басқарма төрағасының орынбасары.