АҚШ-тың атышулы саяси фигураларының бірі – мемлекеттік хатшы Майк Помпео. Дәл осы саяси тұлға Твиттерде Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен фотосын жүктеп, твит жасады. Ол өз жазбасында Елбасына коронавирустан тезірек айығып кетуін тіледі.
«Бұл – біз үшін, біздің еліміз үшін өте ауыр кезең. Мен бұл қиындықты, бұл дертті бірге еңсеретінімізге сенімдімін», - деді ол.
Еске сала кетейік, 18-маусым күні Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.