Кеше Қазақстанда антисептиктердің бағасы шамадан тыс шарықтап, халықтың қалтасына ауырлық түсіре бастағаны хабарланған. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, антисептик заттардың бағасы 17 пайызға қымбаттапты.
Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ҚР фармацевтикалық компаниялар жалпы құны 41,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтар-сәуір периодымен салыстырғанда 33 пайызға көп. Ал инфляцияны қоса есептегендегі өсу көрсеткіші – 24,2.
Аталған өнімнің төрттен үші (75,7 пайызы) үш негізгі аймақ бойынша өндірілген: Алматы облысы (11,6 миллиард теңге, 3,1 пайыз өсу), Шымкент (11,4 миллиард теңге, 6,5 пайыз өсу), АЛматы қаласы (8,8 миллиард теңге, 39,3 пайыз өсу).
2020 жылдың мамыр айында фармацевтикалық өнімдер былтырғы жылдың мамыр айымен салыстырғанда 6,9 пайызға қымбаттады. Дәрі-дәрмектің ішінде антисептиктер (16,9 пайыз), ыстық түсіретін дәрілер (8,5 пайыз), бүйрек дәрілері (7,4 пайыз) және антибиотиктер (7,3 пайыз) айтарлықтай қымбаттаған.