Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының депутаттарын сайлау уақытын 12-тамыз деп бекітті.
«2020 жылдың 12-тамызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні етіп бекітілсін», - деп жазылған жарлықта.
Жарлықта палата депутаттарының өкілеттілігінің конституциялық мерзімі қазан айында аяқталуына байланысты сайлау өткізілектіні туралы айтылған.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, облыс әкімдері депутаттар сайлауы ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қолдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді», - деп жазылған жарлықта.
Сенатқа 14 облыстан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан екі адамнан депутат сайланады. Бұдан бөлек, Сенаттың 15 депутаты Президенттің бұйрығымен тағайындалады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл.