ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде онлайн сауда барысында мұқият болуға шақырды. Өйткені, карантин уақытында алаяқтар халықтан 1 миллиард теңге ұрлаған.
Министр карантин уақытында халыққа өтірік криптовалюта сатып, миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырған қылмыстық топтың Алматы қаласынан екенін анықтағандарын жеткізді.
«Осы орайда азаматтарды электронды төлем жасау барысында аса мұқият болуға шақырамын. Бірінші ақша жұмсайтын тауардың немесе қызметтің өтірік емес екеніне көз жеткізіп алыңыздар», - деді ол.
Министрдің айтуынша, «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «Эстейт ломбард» сияқты алаяқ ұйымдардың кесірінен 40 мың қазақстандық 8 миллиард теңгеден айырылған.