ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның Ресей мен Беларусьтің Одақтастығына кірмейтінін мәлімдеді.
«Қазақстан Ресеймен де Беларусьпен де түрлі интеграциялық ұйымдар шеңберінде тығыз әрі бейбіт қарым-қатынаста. Біз Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне қосылмаймыз. Біздің мақсатымыз – аталған мемлекеттермен интеграциялық қарым қатынасты дамыту», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Қазақстан тарапы ЕАЭО-ның әлеуетін арттыруға, экономикалық одақ ретінде күшейтуге мүдделі.
«Біз ЕАЭО-ны жаһандық деңгейдегі одақ ете аламыз. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. 2025 жылы энергетикалық, қаржылық нарық құрылады. Тағы да дамыту көзделіп отырған сала – цифрлық қарым-қатынас», - деді мемлекет басшысы.
Ол Қазақстан азаматтары үшін Ресейдің «шекаралас мемлекет қана болғанын және солай болатынын» нақты айтты.