«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бүгінгі жаңалығы – орталық басшысы Гүлнар Сәрсенованың күдікке ілінгені туралы ақпаратты қалай қабылдағаны туралы жеткізді.
Орталықтың ресми мәлімдемесінің мәтіні төмендегідей:
«2020 жылдың 27-мамырында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» кеңселерін тексеру шаралары өтіп, нәтижесінде бірнеше құжаттар алынды.
Заңдық тұрғыда келесі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілі орталық басшысының күдікке ілінгені туралы БАҚ-қа ақпарат беруі түсініксіз.
Журналистерге сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат қайдан жеткені де түсініксіз. Бұл – іске қатысы жоқ байланыстардың болуын растайтын нәрсе. Қазақстанда түрлі істер бойынша тергеулер жүріп жатыр, бірақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ережесі бойынша тергеудің қай кезеңде жүріп жатқаны айтылмауы тиіс. Сот шешімі шыққанға дейін тарап кеткен кез келген ақпарат тергеуші ұйымның имиджіне нұқсан келтіреді».
Сондай-ақ, осы тұста «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басшысы Гүлнар Сәрсенованың пікірін келтірген жөн.
«2019 жылы құрылған орталық отандық киноиндустрияның дамуы мен ашықтықты қамтамасыз етуді өз міндетіне алды. Біз бюджет ақшасын оңды-солды шашатын бұрынғы тәртіпті тоқтатып, көрерменнің сұранысын қанағаттандыратын өнім жасауға күш саламыз. Өйткені, бюджеттен бөлінетін ақша – халықтың қалтасынан түскен ортақ қаражат», - депті күдікті.
Еске сала кетейік, күндіз «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басшысы Гүлнар Сәрсенованың аса ірі көлемде пара алғаны туралы және жасалған қызметтерге қол қойғаны, бюджет ақшасын дұрыс бөлмегені үшін күдікті ретінде тергеуге ілінгені хабарланған.
«Күдіктінің кінәлі немесе таза екені сот шешімінен кейін ғана белгілі болады. Басқа ақпарат тергеу барысында таратылмауы тиіс», - деп мәлімдеді агенттік.