ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке жаңа серпін беретін жас таланттарды іздеуге, даярлауға шақырды.
«Мен барлық саланы раотациялауды қолдаймын. Біз жоғалған буынды болғызбау үшін кадрларды әрдайым жаңартып отыруымыз керек. Білімді, кәсіби даярланған, патриоттық сезімі бар, психикасы ақаусыз жастар мен орта буын өкілдерін мемлекеттік билік салаларына қызметке алуымыз керек. Мейлі ол Парламент болсын, мейлі үкімет, тіпті, әкімшіліктерге де осы жүйені қолға алу керек», - деді мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында.
Тоқаев Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік пен Президент әкімшілігін жас таланттарды іздеуге шақырды.
«Мен жас таланттарды, кәсіби мамандарды іздеуге шақырамын. Олардың білімін, кәсіби тәжірибесін мемлекеттік билік жүйесінде қолдануымыз керек. Қазір мемлекеттік қызметті реформалау туралы айтып жүрміз. Демек, бізге жаңа мамандар ауадай қажет», - деді ол.