ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқулық жасайтын мамандар үшін заңды жауапкершілік тағайындау мәселесін жолға қоюды тапсырды.
«Бүгінде оқулықтар сапасы туралы сөз көп. Бұл мәселе тұрақты түрде көтеріліп жүргенмен, өз деңгейіне жеткен жоқ. Тұрақты аксиома бар – білім сапасы оқулық сапасына тікелей қатысты. Сондықтан, ғылыми-тәжірибелік сараптамаға қойылатын талапты арттыру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен, тіпті, ең басты міндеті деп атар едім. Біздегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді.
Сонымен қатар, оқулық жасайтын мамандар қызметінен қатысты заң алдындағы жауапкершілікті бекіту керек. Нашар оқулық дайындаса, жауап беруі тиіс. Басқаша жасау мүмкін емес», - деді мемлекет басшысы.