Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
17-мамыр күні Қасым-Жомарт Кемелұлы 67 жасқа толды.
«Сіздің арқаңызда, сіздің мемлекет басшысы ретіндегі жүйелі жұмыстарыңыздың нәтижесінде Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келеді, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделі мен позициясы күшейді», - деді Лукашенко.
Александр Лукашенко Тоқаевтың екі жақты қарым-қатынасты күшейтудегі жұмыстарын жоғары бағалады.
«Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық, әріптестік және серіктестік қарым-қатынастардың әрі қарай дами түсетініне сенемін», - деді ол.
Лукашенко Тоқаевқа денсаулық, береке және мақсаттарының орындалуын тіледі.