Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери шен беру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының бұйрығымен келесі кісілердің шені жоғарылады. Генерал-лейтенант атағын алды:
- Бектанов Мұрат Кәрібайұлы;
- Дәндібаев Тимур Тұрарұлы;
- Дильманов Дархан Айтқалиұлы;
- Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы;
- Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы.
Юстиция генерал-лейтенанты атағын алды:
- Сартаев Дастан Шаймерденұлы.
Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағын алды:
- Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы.
Еске сала кетейік, былтыр Кәрім Мәсімов пен Нұрлан Ермекбаев генерал-майор атағын алған болатын.