ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға алғыс білдірді.
«Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде сапалы және белсенді жұмысы үшін алғыс білдіремін», - деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бірер сағат бұрын Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі мемлекет басшысының жарлығымен тоқтатылғаны хабарланған еді.