ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, елдегі төтенше жағдай режимінің аяқталатын уақытын, басқа да маңызды мәселелерді жеткізді.
«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым.Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында барлық ардагерлерге көмек көрсетілетінін, бұл міндет әкімдердің құзырында екенін айтып өтті.