Белгілі журналист, қоғам белсендісі Арман Шораевты «үйден шықпау туралы» қолхат арқылы босатты. Бұл туралы оның қарындасы Жаннар Шораева хабарлады.
«Иә, қолхатпен жіберді. Әзір көрмедік, жағдайы жақсы дейді», - деді Арман Шораевтың қарындасы.
«Арманды қолхат арқылы босатты. Қазір бостандықтамыз. Ол өзін жақсы сезінеді, бәрі жақсы. Бұл сотқа дейінгі тергеу мерзімі. Бізді тергеуші кез келген уақытта шақыра алады. Біз қазір үйге бара жатырмыз», - деді Шораевтың адвокаты Әлімжан Оралбай.
Арман Шораев 18-сәуір күні Қарағанды қаласында ұсталған еді. Оған «Төтенше жағдай кезінде жалған ақапарат таратты» деген айып тақты.