Балакришнайя қатты үрейленіп, өзінің отбасы мен ауылына қауіп төндіретініне сене бастаған.
Тоттамбеду ауылының 54 жастағы тұрғыны Балакришнайя кеңес алу үшін қоғамдық ауруханаға барған. Отбасы мүшелерінің айтуынша, дәрігерлермен болған арадағы түсінбеушілік оны коронавируспен ауырдым деп ойлауға итермелеген.
Біз оған коронавирустың белгісі жоқ екенін айттық, бірақ ол бізге өзіне жақындауға тыйым салды. Ол, тіпті, барлық тұрғындарға алыс болуды ескертті», - деді Балакришнайяның ұлы журналистерге.
Әйелінің айтуы бойынша, дәрігерлер оның күйеуіне инфекция белгісі бар екенін айтып, маска тағуға кеңес берген.
«Сенбіде ол өзін оғаш сезіне бастады. Дүйсенбі күні таңертең өз-өзіне қол жұмсады », - деді ол.
Баласының айтуынша, Балакришнайя қатты үрейленіп, өзінің отбасы мен ауылына қауіп төндіретініне сене бастаған.
Біз оған жақындағымыз келген, бірақ ол бізге тас лақтыра бастады. Ол өзі ауылға қауіп төндіретіндіктен, өмірін тез арада қию керек екенін айтты .
Ер адам коронавирус белгілері туралы көптеген бейнероликтерді көріп, оны өзі жұқтырғанына сенімді болған.
Доктор Ченчулая ақпараттандыру жұмыстары бүкіл штатта жүргізілетінін хабарлады.