Қытайдың Ухань қаласынан тараған короновирус әлемнің бірқатар мемлекетіне жетіп үлгерді. Ай ішінде Қытайдың өзінде 7 711 адам вирус жұқтырып, індет елдің барлық аймағын қамтыды.
Бүгінге дейін 100-ден аса адамның өмірін жалмаған қауіпті вирустың тез таралуы әлем жұртшылығын шошытып отыр. АҚШ-тың дәрігерлері Қытайға арнайы барып зерттеу жасауға бекініпті. Күншығыс еліндегі биік ғимараттардың қабырғасында «Медициналық масканы қолданыңыздар!» деген жазудың шығуы да үрей туғызады.
Бүгін Тибетте вирус жұқтырған алғашқы адам анықталып, індеттің бүкіл Қытайды жаулағаны ресми тіркелді. Ал көршілер бір-бірінен күдіктеніп, есіктің сыртын темірмен құрсап тастауда.