Киев мэрі және украиналық қалалар қауымдастығының төрағасы Виталий Кличко Украина халқы мен ел билігіне соғыс қаупіне байланысты үндеу жасады.
Оның пікірінше, украиндықтар қорықпауы керек, орталық және жергілікті билік бірігуі тиіс, ал саясаткерлер сыртқы қатерге байланысты дауларды кейінге қалдыруы керек.
«Бүгінде жау өз әскерлерін мемлекетіміздің шекарасына жақындатты. Олар украин азаматтары арасында қорқыныш пен үрей туғызуға тырысады. Украина қалалары қауымдастығы әрбір украиналыққа үндеу жасайды: Қорықпаңыздар! Жалған ақпаратқа сеніп, оны таратпаңыздар. Қорқынышты дұшпанға қалдырайық. Ақыл мен сенім бізді мықты қылады. Біз өз жеріміздеміз. Артымызда шындық бар, сондықтан бүкіл әлем бізді қолдайды», - деді Кличко украиналық «Гордон» басылымына берген сұхбатында.
Виталий Кличко Украинаның саясаткерлері мен әскеріне сенетінін айтып, қолдау білдірді.
«Украина қалалары қауымдастығы саяси күштердің өкілдерін барлық қарама-қайшылықтарды ұмытып, ортақ ұстанымға келуге, Украина туын қорғау үшін партиялық туларды ұмыта тұруға шақырады. Біз украин армиясының күшіне сенеміз. Біз украин дипломаттарына сенім артамыз. Бірігетін уақыт келді», - деді Кличко.
Фото: bigmir.net