Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары Еревандағы парламент ғимаратының жанындағы лагерьде екінші күндерін өткізді.
Лагерьде ондаған адам түнегені белгілі болды. Оппозиционерлер от жағып жылынған. Тіпті жақтастары таңғы ас та әкеп беріпті. Күндіз бұл жерде оппозиция өкілдері кезекті митинг болатынын айтты.